• Біздің парақшалар:

"Өрмекші-адам" франшизасы жаңартылады

"The Amazing Spider-Man" фильмінің (2012) постері

Marvel және Sony Pictures кинокомпаниялары "Өрмекші-адам" франшизасын қайтадан басынан бастап іске қосатын болды. Екі кинокомпания осы суперқаһарманды бірлесіп пайдалану туралы мәмілеге келіпті.

Осы келісімнің аясында, Өрмекші-адам алдымен Marvel-дің бір киножобасында пайда болады. Болжам бойынша, бұл - 2016 жылы мамырда шығатын "Капитан Америка: Азаматтық соғыс" ("Captain America: Civil War") блокбастері. Одан кейін Sony Pictures аталған қаһарманға бөлек фильм жасамақ. Ол жоба 2017 жылдың шілдесіне жоспарланған. 

Франшизаның жаңа бағыт алғанын ескерсек, осыған дейін жоспарланып қойылған "Жаңа Өрмекші-адам 3" ("The Amazing Spider-Man 3"), "Жаңа Өрмекші-адам 4" ("The Amazing Spider-Man 4") фильмдері енді болмайтын секілді. Ал өз образына Эндрю Гарфилд енді оралмайды, оның орнына жаңа актер таңдалмақ.

 

Дереккөз: kinonews.rulenta.ru

Пікірлер