• Біздің парақшалар:

Санжар Мәдиев "Қорғаушылар" фильмінде суперқаһарманды сомдайды

Ресей режиссері Сарик Андреасян Посткеңестік елдердің суперқаһармандары туралы жобаны қолға алды. "Защитники" ("Қорғаушылар") деп аталатын фильмге қазақстандық Санжар Мәдиев қатысады.

"Қорғаушылар" Суық соғыс кезінде КСРО-да құрылған ұйым туралы баяндайды. "Патриот" деген құпия ұйым Одақ құрамындағы ұлттардың арасынан суперқаһармандар жасағын құрады. Әр кейіпкердің бойында өз халқына тән қасиеттер болады. Жасақ құрамында келесі суперқаһандар бар:

Арсус - аюға айнала алатын кейіпкер. Оны Қазақстанда дүниеге келген, қазір Ресейде еңбек етіп жүрген актер Антон Пампушный сомдайды.

Хан - Азия халықтарының өкілі, суық қаруды жетік меңгерген, түрлі шығыс жекпе-жек түрлерін білетін кейіпкер. Оны Санжар Мәдиев сомдайды.

Лер - Кавказ халықтарының өкілі. Ол тау-тасты бағындыра алады. Оны қазір Францияда жұмыс істеп жүрген актер Себастьян Сисак сомдайды.

Ксения - су ішінде өзін еркін сезіне алатын қыз. Оны Алина Кизиярова сомдайды.

Фантастикалық боевиктің түсірілімі биыл сәуір айының соңынан бастап түсіріледі. Ал премьерасы 2016 жылға жоспарланған. 

 

Тизер:

 

Дереккөз: Кинопоиск

Пікірлер