• Біздің парақшалар:

Екінші "Кек алушылар" қазақша дубляждалды

Екінші "Кек алушылар" қазақ тілінде жарық көретін болды. Қазақша атауы Киностанның осыған дейін қолданып жүрген нұсқасымен бірдей болып шықты "Кек алушылар: Альтрон дәуірі" ("Avengers: Age of Ultron";"Мстители: Эра Альтрона").

Дубляж режиссері - Тимур Балымбетов, бұған дейін ол "Галактика сақшылары" аударуға қатысқан болатын. Фильмдегі Скарлетт Йоханссонның кейіпкерін Мақпал Исабекова дыбыстайды. Сондай-ақ дубляжға Жасұлан Байсалбеков (Альтрон), Бейбіт Қамаранов (Тор), Ержан Жарылқасынов (Темір адам), Ерғали Төлебаев (Капитан Америка), Бақытжан Жармұхамбетов (Қыранкөз), Самат Қордабаев (Халк) секілді актерлер қатысты. Дыбыстауға сонымен қатар Алматы облысындағы Бағанашылдағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері атсалысқан.

"Кек алушылар: Альтрон дәуірі" қазақ тіліне аударылған жалпы 11-ші, биылғы 2-ші Голливуд фильмі. Фантастикалық боевик Қазақстан прокатына 2015 жылы 23-ші сәуірде шығады.

 

Қазақша дубляждалған трейлер:

 

Дереккөз: Tengrinews.kz

Пікірлер

  • Киноны көрдім, маған ұнады. Осылай шетелдің үздік киноларын қазақшаға аудара беріңіздер