• Біздің парақшалар:

Өрмекші-адам туралы толықметражды мультфильм шығады

"Spider-Man" (1994-98) сериалынан кадр

Sony Pictures студиясы Өрмекші-адам туралы толықметражды мультфильм жасауды жоспарлап отыр. Жобаға "Легоның" режиссерлері Фил Лорд пен Кристофер Миллер бекітілген.

Осыған дейін Өрмекші-адам туралы бірнеше анимациялық сериалдар шыққаны рас, бірақ толықметражды мультфильм болған емес. Анимациялық картина 2018 жылы 20 шілдеде жарық көреді деп жарияланды.

Еске сала кетелік, осыған дейін Marvel және Sony Pictures компаниялары ортақ мәмілеге келіп, "Өрмекші-адам" франшизасын жаңартамыз деп келіскен еді. Бұл суперқаһарманды болашақта "Капитан Америка: Азаматтық соғыс" (2016) фильмінен көретін боламыз. Ал Өрмекші-адам туралы бөлек кинотуынды 2017 жылы жазда шығады.

 

Дереккөз: kinonews.rulenta.ru

Сурет: cartoonspiderman.com

Пікірлер