• Біздің парақшалар:

"Тағдыр" атты отандық сериал көрсетіледі

2013 жылғы 10 қаңтардан бастап жаңа отандық телесериал көрермендерге жол тартпақ. "Тағдыр" деп аталатын телехикая махаббат пен сенім, үміт пен түңілушілік жайында сөз қозғайды. 

Сюжеттегі оқиға 1992 жылдан бастау алады. Қалихан – ауданның өте беделді, бай адамы, оның әйелі Шолпан туыттан қайтыс болады, аман қалған қыздары Жұлдыз. Оны емізіп, сүт анасы атанған Шәрипаның да күйеуі қайтыс болған. Ол Шолпанды құтқара алмай қалған дәрігер еді. Оның қалай қаза болғаны белгісіз. Қыздары Айдана Жұлдызбен жасты. Шәрипа мен Айдана енді Қалиханның үйінде тұрады, оларды Қалиханның анасы Зейнеп, көмекшісі Жаназар отбасымен жылы қабылдаған.  

20-жыл өткеннен соң, Жұлдыз бен Айдана университет түлектері. Айдана – педогогика факультетінде грантта оқиды, ал Жұлдыз – журналистиканы таңдаған. Бірі үмітсіз басталған махаббатына қол жеткізіп тұрмысқа шықса, енді бірі үлкен той алдында қайғыға душар болады. Қайғы мен қуанышқа толы шытырман оқиғаның соңында, жауапсыз қалған Айдананың әкесінің өлімі, Шолпанның өліміне кімнің  себепші болғаны, Жұлдыз бен Айдананың жеке бастарындағы, өз махаббаттарының құпиясы да ашылмақ. 

Туындыны "Астана" телеарнасының тапсырысымен «SATAIFILM» компаниясы түсірген. Теледрама қазақ тілінде "Астана" арнасында көрсетіледі. 20 бөлімнен тұратын сериалдың әр сериясы 40 минуттан тұрады. 

"Тағдыр" сериалына Ақан Сатаев продюсерлік еткен. Режиссері - Айдын Сахаман. Басты рөлдерде Шәмшагүл Меңдиярова, Алдабек Шалбаев, Жәнел Мақажанова, Дулыға Ақмолда, Раушан Байзақова, Зарина Карменова, Асхат Тишыбаев, Еркебұлан Дайыров секілді актерлер ойнады.

 

"Тағдыр" фильмі жайында фильм:


 

Дереккөз бен сурет: astanatv.kz

Пікірлер

  • мына сериалды калай коруге болады?