• Біздің парақшалар:

Екінші "Кек алушылар" миллиард доллардан астам пайда тапты

"Кек алушылар: Альтрон дәуірі" блокбастерінің әлемдік прокаттағы табысы 1 миллиард доллардан асты.

Соңғы мәліметтер бойынша, дәл көрсеткіш - 1 млрд 142 миллион. Осындай табысқа фильм 24 күн ішінде қол жеткізді. 

Екінші "Кек алушылардың" әлемдік премьерасы 13 сәуірде болған еді. Ал Қазақстанда 23 сәуірден бері қазақ және орыс тілдерінде көрсетіліп жатыр. Фильмнің еліміздегі айналымынан 3 апта ішінде 324 миллион теңгеден астам (1 млн 744 мың доллар) пайда келіп үлгерді.

"Кек алушылар: Альтрон дәуірі" блокбастерінің бюджеті 250 млн долларды құрайды.

Пікірлер