• Біздің парақшалар:

"Рэкетир 2" соңғы 5 жылдың ең үздік стартын көрсетті

"Рэкетир 2" қылмыстық драмасы отандық прокаттағы алғашқы уикендінде 114 млн теңге табыс тапты. Бұл Қазақстан кинонарығында соңғы 5 жыл ішіндегі отандық фильмдер арасында ең үздік старт болып есептеледі.

28-31 мамыр аралығындағы табыс нәтижесінің арқасында, Ақан Сатаевтың картинасы тағы бір рекорд жасап отыр. Екінші "Рэкетир" аталған көрсеткіштің арқасында Қазақстан прокатына шыққан барлық кинотуындылардың ішінде үздік старт көртсеткен ТОП 5-тіктің қатарына енді.

"Рэкетир 2" 2007 жылы шыққан аттас фильмнің жалғасы. Сюжеті негізгі оқиғалардан 10 жыл өткеннен кейін басты зұлым кейіпкердің қолынан қаза тапқан Русланның кегін қайтармақ болған інісінің төңрігенде өрбиді.

Фильм Қазақстаннан бөлек, Ресей Федерациясының Бурятия мен Якутия Республикаларында, сондай-ақ Қырғызстан мен Моңғолияда көрсетіліп жатыр деген хабар бар.


Дереккөз: Меломан

Пікірлер