• Біздің парақшалар:

Болашақ Өрмекші-адамның рөліне актер тағайындалды

Том Холланд / Фотосурет: zimbio.com

"Өрмекші-адам" франшизасы болашақтағы жаңа киножобалар арқылы жаңғыртылады делінгелі Питер Паркерді сомдайтын актердің кім болатыны көпшілікті қызықтырып келген еді. Енді оның есімі жария етілді. Variety басылымының хабарлауынша, Өрмекші-адамды Том Холланд сомдайтын болды.

Осы жас актердің орындауындағы алғашқы Өрмекші-адам 2016 жылы мамырда шығатын "Капитан Америка: Азаматтық соғыс" ("Captain America: Civil War") блокбастерінде пайда болады. Одан кейін суперқаһарманның жеке фильмі жарық көрмек. Ол жобаға Джонатан Уоттс режиссер болып тағайындалған, премьерасы 2017 жылдың шілде айына жоспарланып қойды.

Том Холланд көпшілікке "Мүмкін емес", "Мен енді қалай өмір сүремін","Лок" фильмдері арқылы таныс.

Пікірлер