• Біздің парақшалар:

"Жанкештілер жасағы": актерлік құрамы мен алғашқы трейлері

DC Comics кезекті жобасын прокатқа дайындап жатыр. "Жанкештілер жасағы" ("Suicide Squad") деген фильмде зұлымдардан құралған команда туралы баяндалады.

Сюжетте DC Comics әлемінің зұлымдарына жасаған күнәларын ақтау үшін тағы бір мүмкіндік беріледі. Бірақ жүктелген тапсырмадан олар қайтып оралмауы мүмкін, сол себепті команда Жанкештілер жасағы деп аталады.

Фильмге Дэвид Эйр режиссер болды. Актерлік құрамы: Марго Робби (Харлин Квинзель / Харли Квинн), Кара Делевинь (Джун Мун / Арбаушы), Джай Кортни (Джордж "Диггер" Харкнесс / Капитан Бумеранг), Уилл Смит (Флойд Лоутон / Дэдшот), Юэль Киннаман (Рик Флэг), Джаред Лето (Джокер), Адевале Акинойе-Агбаже (Уэйлон Джонс / Жендет Крок), Виола Дэвис (Аманда Уоллер), Бен Аффлек (Брюс Уэйн / Бэтмен), Скотт Иствуд, т.б..

Фильм прокатқа 2016 жылы 5 тамызда шығуы тиіс. Жақында ғана өткен "Comic-Con 2015" фестивалінде "Жанкештілер жасағының" алғашқы трейлері көрсетілді:

Пікірлер