• Біздің парақшалар:

"Хабар" арнасы "Махаббатым жүрегімде 2" сериалын көрсетеді

"Хабар" арнасында биылғы күзгі маусымда бірнеше телевизиялық сериал жарыққа шығады. Бұл туралы арнаның баспасөз қызметі хабарлайды.

Атап айтқанда, 7 қыркүйекте (дүйсенбіден бейсенбіге дейін, сағат 21.30) "Ничего личного" комедия сериалының премьерасы болады. Онда басты рөлдерді Шер АлиБибігуль АқтанЖания Джуринская және Данияр Алшынов сомдайды.

Сюжетте бизнесменнің ұлы, кез-келген бағаға қалағанын алуға дағдыланған Арсен туралы баяндалады. Арсен әкесінің шыдамы шегіне жеткенге дейін алаңсыз өмір сүрумен болады. Әке қолдауынан айрылған жігітке өздігімен өмір сүруге үйрену керек болады. Ол ХҚКО-ға жұмысқа орналасады, достар табады, махаббатына жолығады және жақсы жағына өзгере бастайды. Туындымен қазақстандық-ресейлік топ жұмыс істеді. 

Осыған дейін көрсетілген «Махаббатым жүрегімде» мелодрамасы жаңа телемаусымда өз жалғасын табады. Тәуекел Мүсілім, Гүлназ Жоланова, Жанар Дұғалова мен Баян Есентаева өз рөлдеріне оралады. Олардың қатарына танымал әнші Дастан Оразбеков қосылады. Сериалды 30 қыркүйектен бастап «Хабар» арнасынан (дүйсенбіден бастап бейсенбіге дейін, сағат 21.30) тамашалай аласыз.

Сонымен қатар «Свадьба на троих» комедиясын түсірген Асқар Бисембин «Қыз жолы» сериалына режиссер болды. «Қыз жолы» телехикаясы эфирге 21 қазаннан бастап шығады.

Пікірлер