• Біздің парақшалар:

"Қазақ хандығы" телесериалының алғашқы промо-ролигі жарияланды

"Қазақ елі" циклына енетін "Қазақ хандығы" телесериалының алғашқы промо-ролигі жарияланды.

Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, 10 сериядан тұратын жобаның түсірілімі қазір Алматы облысында жүріп жатыр. Түсіру жұмыстары биыл 7 қыркүйекте басталған болатын. Қазір сериалға қажетті материалдардың 40 пайызы түсірілген. Монтаж жұмыстары да қатар жасалып жатыр екен.

Сериал 1465 жылы қазақ мемлекетінің құрылу кезеңін, Жәнібек пен Керейдің, олардың балалары Қасым мен Бұрындықтың билік еткен кезеңін қамтитыны белгілі. Фильм Ільяс Есенберлиннің "Көшпенділер" романының бірінші томына негізделеді. Осыған дейін хабарлағанымыздай, режиссері - Рүстем Әбдiрашев.

"Қазақ елі" фильмінің түсіріліміне мемлекеттік бюджеттен шамамен бір миллиард теңгенің бөлінген. Сонымен қатар, жобаны меценаттар қолдап отыр, олар 100 миллион теңге шамасында қаражат жинады.  

Картинада басты рольдерде Еркебұлан Дайыров (Жәнібек), Қайрат Кемалов (Керей), Аян Өтепберген (Бұрындық), Мейірғат Амангелдин (Қасым), Бекболат Тілеухан (Қазтуған), Досхан Жолжақсынов, Димаш Ахимов, Шұғыла Сапарғалиқызы (Керейдің әйелі), Мадина Ысманова (Жәнібектің әйелі) ойнайды. Сериалға қазақстандық әртістер ғана түспейді, сонымен қатар, Хакасия, Монғолия, Өзбекстанның актерлері де тартылады. Ал трюктерді танымал каскадер Жайдарбек Күнғожиновтың командасы жасайды.

"Қазақ хандығы" сериалының промо-ролигі

 

Дереккөз: Tengrinews.kz

Пікірлер