• Біздің парақшалар:

"Астана" телеарнасы "Жібек" және "Әулет" сериалдарын ұсынады

"Астана" телеарнасы "Жібек" және "Әулет" деген екі отандық сериалды көрсетеді. 

16 қарашадан бастап "Жібек" телехикаясының көрсетілімі басталады. Сюжеті бойынша, ауылда туып өскен Жібек есімді бойжеткен, институтқа түсу үшін астанаға келеді. Алыс туысы Талғат ағасының үйіне тоқтағандықтан барлығы ойдағыдай болып көрінген. Мадина мен Динара атты екі қыз өсіріп отырған отбасы Жібекті өте жылы қабылдайды. Алайда, көп ұзамай отанасы Жұлдыз тәте мен үлкен қыз Мадина оған қыр көрсете бастайды. Тек қыздардың кішісі Динара мен осы үйдің әжесі Жібекті қорғаштап жүреді. Екі бойжеткеннің үлкені Мадина Мирас есімді жігітке атастырылған. Бірақ, Жібекті жолықтырған Мирас Мадинаға үйленуден бас тартады. Кездейсоқ жағдайда танысып қалған екеудің ара қатынасы үлкен махаббатқа ұласады. Кейіпкерлер өз махаббаттарының беріктігін дәлелдеу үшін тағдырдың түрлі сынағынан өтеді...   

Мелодрама тілі қазақша. Әр серияның ұзақтығы 45 минут.


Ал "Әулет" сериалында Қаршыға есімді ақсақалдың өмірі және оның отбасындағы мәселелер баяндалады. Әйелі екеуі бір қыз бен екі ұлды тәрбиелеп өсірген. Немерелері өсіп, атасы мен әжесінің көз қуанышына айналып келеді. Үлкен ұл Бейбіт шаруа қожалығында еңбек етіп әкесіне көмектеседі. Көрші ауылдың жігітіне тұрмысқа шыққан қыздары Сандуғаш та ата анасының халін сұрап бәйек болып тұрады. Тек кіші ұл Жәдігер жастайынан ағасы мен әпкесіне ұқсамайтын өзгеше бала болып ержетті. Университет бітіріп қолына диплом алған ол ересек өмірге қадам баспақ болып үлкен қалада өз бизнесін бастайды. Алайда, бұл ісі ұзаққа бармады...  

Негізгі рөлдерді Досжан Жанботаев, Азамат Шаргынов, Олжас Жанабеков, Тынышкуль (Бота) Султанбердиева, Рита Кумискалиева, Динара Абдуллина сомдайды.

Бұл телехикая да қазақ тілінде. Әр серияның ұзақтығы 45 минут. "Әулет" жуырда эфирге шығады.

 

Пікірлер

  • Здравствуйте,

    Вы ищете бизнес-кредит, потребительские кредиты, ипотека, автомобиль
    кредиты, студенческие кредиты, займы консолидации задолженности, необеспеченных кредитов, риск
    капитала и т.д. ... Вы находитесь в нужном месте для
    Ваши кредитные решения! Я частный кредитор, который придает
    Физических и юридических лиц кредиты по низким и доступным
    Процентная ставка 2%. Связаться с нами по электронной почте: Revarnoldwalterloanfirm@outlook.com

    Заявка на получение ссуды.

    Ваше полное имя:
    Адрес:
    Страна:
    Состояние:
    Сумма кредита Необходимые:
    Пол:
    Кредит Продолжительность:
    Телефон:
    Ежемесячный доход:
    Точная дата вам нужно кредита:
    Оккупация:
    Подали заявки на кредит, прежде чем:

    Бог благославляет тебя