• Біздің парақшалар:

Жетінші арна «Өмір сынағы» және «Шалғайдағы оқиға» сериалдарын ұсынады

«Жетінші арна» мен ARAI Media студиясы «Өмір сынағы» және «Шалғайдағы оқиға» атты екі жаңа телехикаяның таныстырылымын өткізді. Аталған жобалар отандық кинодағы сапалы әрі рейтингі жоғары жобалардың қатарын толықтырады деп жоспарланып отыр.

Қазақстандық кинематограф мамандары отандық телехикаялардың шетелдік телевизиялық өнімдермен бәсекеде оза шауып, нарықты жаулап ала алатындықтарына сенетіндіктерін жеткізді.

Телехикаялардың бас продюсері Данияр Жәнібековтың айтуынша, жоба авторлары қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, отансүйгіштік, әлеуметтік жауапкершілік секілді құндылықтарға мән берген.

«Өмір сынағы» телехикаясы 2015 жылдың 23 қарашасында 20.00-де, ал «Шалғайдағы оқиға» 21 желтоқсанда «Жетінші арна» эфиріне шығады.

Жобалар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің қолдауымен түсірілді.

Телехикаялар туралы қысқаша ақпарат:

Өмір сынағы

Қоюшы-режиисері: Қанағат Мұстафин

Бас продюсерлер: Данияр Жәнібеков, Виржиниа Восгиморукиан

Атқарушы продюсері: Мәдина Дүйсембаева

Рөлдерде: Әсел Қалиева, Данияр Базарқұлов, Алмас Шаяхметов және т.б.

«Өмір сынағы» - тағдыр жазуымен мүгедектер арбасына таңылған Дананың хикаясы. Сериал сюжетіне қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі жандардың тіршілігі, олардың психологиялық күйзеліспен күресіп, қиыншылықтардан өтіп, жеңіске жету жолындағы еңбегі арқау болған.

 

Шалғайдағы оқиға

Қоюшы-режисері: Жасұлан Пошанов

Бас продюсерлер: Данияр Жәнібеков, Виржиниа Восгиморукиан

Атқарушы продюсері: Алмат Массалим

Рөлдерде: Нұрболат Абдулин, Шынар Асқарова, Артур Төлепов және т.б.

«Шалғайдағы оқиға» - қым-қиғаш адам тағдырлары ауыл тіршілігімен астаса өріліп отыратын хикаяның басты желісі - қаладан қайтып оралып, туған ауылын көркейту, өзі үшін қымбат адамның өміріне мән берген ісін ары қарай жалғастыру жолындағы күресте айналасындағылардың аяр әрекетіне батыл қарсы тұра алған Елдостың тарихы.

Пікірлер