• Біздің парақшалар:

"Достар" ситкомының арнайы эпизоды шығады

Әйгілі америкалық "Достар" ситкомының арнайы шығарылымы түсірілетін болды. Екі сағаттық бөлімде басты кейіпкерлер қайтадан бас қосады деп айтылуда.

Жаңа эпизод 2016 жылы 21 ақпанда NBC арнасында көрсетілмекші. Арнайы бөлім "Достар" сериалына режиссер ретінде атсалысқан Джеймс Берроузге арналады.

Негізгі рөлдердегі актерлер: Кортни Кокс (Моника), Дженнифер Энистон (Рейчел), Лиза Кудроу (Фиби), Мэтт ЛеБлан (Джо) және Дэвид Швиммер (Росс) - өз рөлдеріне оралады. Алайда Мэттью Перридің (Чендлер) жобаға қатысуы туралы әзірге белгісіз болып тұр. Өйткені актер қазір Лондонда театр қойылымына дайындалып жатқан көрінеді.

"Достар" ("Friends") сериалы 1994-2004 жылдар аралығында көрсетілді. Ол Америка телевидениесінің тарихындағы ең үздік комедия жобалардың бірі деп танылды. Көрсетілген 10 жылдың ішінде актерлік және режиссерлік топ көптеген жүлделерге ие болды, соның ішінде алты "Эмми", бір "Алтын глобус", People’s Choice Awards сыйлығының он марапаты бар.

Пікірлер