• Біздің парақшалар:

"Дэдпул" фильмінің екінші бөлімі шығады

20th Century Fox киностудиясы "Дэдпул" фильмінің жалғасын шығарады. 

The Hollywood Reporter басылымының хабарлауынша, бірінші бөлімнің сценаристері Ретт Риз бен Пол Верник сиквелдің жұмысына кірісіп те кетіпті. Әзірге режиссердің кім болатыны және жобаның түсірілім және прокат мерзімдері айтылған жоқ.

"Дэдпул" әлемдік прокатқа 9 ақпанда, ТМД елдеріне 12 ақпанда шыққан болатын. Фильм алғашқы күндерден-ақ рекордтық табысымен ерекшеленді. Мысалы, Солтүстік Америкада алғашқы уикендте 135 миллион доллар тапты. Бұл көрсеткіш - R рейтингі бар киножобалар тарихындағы ең үздік старт, сондай-ақ ақпан айында шыққан фильмдер ішіндегі ең үздік нәтиже. Осы материалды жазу кезінде кинокомикстің әлемдік түсімі 282 миллион доллардан асты. Ал бюджеті 58 миллионды құрайды.

Пікірлер