• Біздің парақшалар:

Балаларға арналған "Еркелаш" фильмі түсірілуде

471826cd8ee7ccfa7e2066507e71149f

Алматыда балаларға арналған "Еркелаш" кинофильмінің түсірілімі жүруде. Фильмге кастинг арқылы іріктелген мектеп жасындағы жас актерлерден бөлек, Фархат Әбдірайымов, Маржан Қозыбаева, Ерден Телемісов, Мұрат Мұқашев, Ерболат Тоғызақов, Диляра Байжанбаева секілді кәсіби әртістер қатысады.

Жобаның режиссері және сценарий авторы - Эдуард Табишев. Оның айтуынша, картинаның атауын "Еркелаш" деп атауға Ресейдегі балаларға арналған "Ералаш" әзіл-сықақ журналы түрткі болған.

Фильм екі нұсқамен түсірілуде. Толықметраж түріндегі туынды - кинотеатрлардан көрсетілсе, бірнеше бөлімнен тұратын қысқаметражды нұсқасы еліміздің телеарналары арқылы таратылмақ.

Сюжетте Мейрамбек есімді баланың хикаялары баяндалады. Үлгерімі нашар бала үнемі түрлі оқиғаларға тап болып, сөз естумен болады. Өзінің қателіктерінен сабақ алған оның кейін білімге құштарлығы оянып, оқу озаты болады.

Толықметражды картина прокатқа Балаларды қорғау күні - 1 маусым қарсаңында шығады деп жоспарланып отыр.

Киножурналдың видеоролигі:

Дереккөз: inform.kz

Пікірлер

• wh0cd466511 diclofenac sodium sildenafil citrate doxycycline methotrexate adalat prednisolone rogaine