• Біздің парақшалар:

"Қазақстан" арнасы "Судағы із", "Аяулы арман" теледрамаларын ұсынады

"Қазақстан" телеарнасы наурыз айында екі жаңа жобасын - "Судағы із" және "Аяулы арман" теледрамаларын көрсетеді.

2016 жылы 12 наурызда "Қазақстан" ұлттық арнасы бір ауылдан шыққан үш достың тағдыры жайында Талғат Теменов түсірген "Судағы із" атты сериалды ұсынады. Көрермендер сериалда Мұқан, Қасымжан, Роллан атты басты кейіпкерлердің арасындағы шынайы ерлер арасындағы достықтың қандай болатынын көре алады.

Фильм сол кезеңдегі 90-шы жылдардан бастап осы кезге дейінгі түрлі оқиғалар арқылы халықтың басынан кешкен қиыншылықтарды суреттейді. Әрдайым есігі ашық, емін-еркін жүре беретін берекелі ауылда ұрлық көбейіп, жетіспеушілік деген қырсық шалады. Сонымен қатар, фильмде, мөлдір махаббат, достық, адалдық пен сатқындық қатар жүреді.

Басты рөлдерде: Дархан Сүлейменов, Ақылжан Мақашев, Таңсұлу Мұзафар, Дәстен Шәкіров, Төлеубек Аралбаев, Гүлжамал Қазақбаева, Айгүл Иманбаева, Жомарт Зейнәбіл, Әсел Садуақасова.

"Судағы із" телетуындысының алғашқы серияларының көрсетілімі 12 наурызда сағат 14:50-де көрермендер назарына ұсынылады.

  • Өндіруші: "Кентавр продакшн" продюсерлік орталығы" ЖШС
  • Сценарий авторы және режиссері: Талғат Теменов
  • Режиссер: Динара Әбікеева
  • Продюсер: Алмагүл Тілеуханова
  • Атқарушы продюсер: Қуаныш Ахметов, Шынар Бөрібаева
  •  

    24 наурыздан бастап көрсетілетін "Аяулы арман" ("Право на мечту") - балалар үйі тәрбиеленушілерінің өмірі мен үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамдары туралы баяндайды. Кейіпкерлер қуаныш пен қайғыны, алғашқы махаббат сезімдерін, достық пен сатқындықты бастарынан кешіреді.

    Бірақ, олар жалғыз емес. Бозбала мен бойжеткендерге үнемі ата-анасы мен туған-туысқандарының орнын басқан жолдастары, ұстаздары және тәрбиешілері қолдау көрсетіп отырады. 

    Туынды 64 бөлімнен тұрады.

    Теленовелланың ерекшелігі - туындыға кезінде балалар үйінде өскен актерлермен қатар, жасөспірімдер үйінің қазіргі тәрбиеленушілері де қатысады.

  • Өндіруші компания: "Көркем фильм" компаниясы
  • Жобаның шығармашылық жетекшісі және қоюшы режиссері: Рашид Сүлейменов
  • Сценарий авторы: Рашид Сүлейменов, Дәурен Ыбырайым, Рустам Азаматов, Светлана Петрийчук
  • Юниттердің қоюшы режиссері: Айбек Дайырбеков, Анна Дранникова, Ильхам Джалилов, Максим Анапьянов
  • Атқарушы продюсері: Райхан Әбдешева
  • Бас продюсері: Ильхам Джалилов
  • Рөлдерде: Қуаныш Керімқұлов, Шәріп Серік, Ербол Семқұлов, Раушан Ермағамбетова, Әйгерім Айдар, Данияр Базарқұлов, Алдаберген Шалбаев, Ұлбосын Шалқарова, Нұржан Аташ, Жандарбек Садырбаев, Әдемі Сүлейменова және т.б. 
  • Ұзақтығы: 42 минут
  • Жанры: теленовелла
  •  

    Дереккөз: "Қазақстан" ТРК

    Пікірлер