• Біздің парақшалар:

"Жалғыз қарақшы: Жұлдызды соғыстар хикаясы" фильмінің алғашқы трейлері

"Жұлдызды соғыстар" франшизасының спин-офф бөлімі - "Жалғыз қарақшы: Жұлдызды соғыстар хикаясы" ("Rogue One: A Star Wars Story") фильмінің алғашқы тизер-трейлері жарық көрді.

Сюжетте Империяға қарсы күрескен бір топ көтерілісші туралы баяндалады. Оларға "Ажал жұлдызы" аталып кеткен қуатты әскери станцияның сызбаларын ұрлап кету тапсырылады. 

Басты рөлдерді Фелисити ДжонсМадс МиккельсенАлан ТьюдикБен МендельсонФорест УитакерДиего Луна, т.б. актерлер сомдайды. Фильм режиссері - Гарет Эдвардс. Спин-офф биыл желтоқсан айында жарыққа шығады.

Айта кетелік, "Жалғыз қарақшы: Жұлдызды соғыстар хикаясы" 2016 жылы қазақ тіліне дубляждалатын 4 фильмнің бірі. 

Алғашқы тизер-трейлер:


Пікірлер