• Біздің парақшалар:

"Қара киімділер" мен "Джамп көшесі" біріктіріледі

Коллаж: screenrant.com

Sony Pictures киностудиясы "Қара киімділер" және "Джамп көшесі" франшизаларын біріктіріп, кроссовер жасамақшы.

Жобалық атауы "MIB 23" ("Қара киімділер 23") деген болашақ фильм Лас-Вегаста CinemaCon көрмесінде таныстырылған. "Джамп көшесі 21", "Джамп көшесі 22" фильмдерінде басты рөлде ойнаған Ченнинг Татум мен Джона Хилл өз рөлдеріне оралуы мүмкін. Ал "Қара киімділер" трилогиясының басты кейіпкерлерін сомдаған Уилл Смит пен Томми Ли Джонс туралы әзірге ақпарат жоқ.

"Қара киімділер 23" жобасына Джеймс Бобин ("Маппеттер", "Алиса айна артындағы әлемде") режиссер болып тағайындалған. Түсірілім жұмыстары биыл жазда басталмақ.

Негізі екі киноәлемді біріктіру жоспары бұған дейін белгілі болған еді. 2014 жылы Sony Pictures студиясының серверлерін хакерлер шабуылдап, бұзған кезде осы және басқа да жобалар туралы ақпараттар елге тарап кетті.

 

Дереккөз: kinonews

Пікірлер