• Біздің парақшалар:

"Джейсон Борн" фильмінің алғашқы трейлері шықты

Мэтт Дэймон өзінің Джейсон Борн рөліне қайтып оралды. Осы суперагент туралы екінші және үшінші бөлімдерді түсірген Пол Гринграсс та режиссерлік міндетіне қайтып келді.

Биыл шығатын "Джейсон Борн" ("Jason Bourne") - франшизаның бесінші кинокартинасы. Мэтт Дэймон бастапқы үшеуіне түсті. Әрі қарай франшизаны жалғастыру жоспары бар еді. Бірақ режиссер Пол Гринграсстың жобадан кетуіне байланысты Мэтт Дэймон де суперагент рөлінен бас тартады. Сондықтан төртінші фильмнің орнына "Борнның мұрасы" деген спин-офф жарық көрді, онда басты рөлді Джереми Реннер сомдайды. Енді Universal Pictures студиясы түпнұсқаның актері мен режиссерін қайтадан жобаға шақырып, бесінші фильмді дайындап жатыр.

Жаңа бөлімге, сондай-ақ Алисия ВикандерДжулия СтайлзТомми Ли ДжонсВенсан Кассель, т.б. актерлер түсті. Әлемдік премьерасы 2016 жылғы шілденің соңына белгіленген, ал Қазақстанда қыркүйекте көрсетіледі. 

Ресми трейлер:

Пікірлер