• Біздің парақшалар:

Қазақстан прокатында "Запрещенные танцы" көш бастады

"Запрещенные танцы" фильмінен кадр

Қазақстан прокатында "Орда" музыкалық тобының мүшелері түсірген "Запрещенные танцы" фильмі көш бастады. 10-13 қаңтар аралығындағы уикендте көше биіне арналған отандық туынды 14 995 955 теңге табыс тапқан. Бұл 99 973 АҚШ долларына тең.

"Jado Productions" продюсерлік орталығының өнімінің өндірістік бюджеті шамамен 1 млн. АҚШ долларын құрайды. Сюжетте құпия ұйымдастыру тобы кәсіби көше бишілеріне арналған тыйым салынған билер бойынша жарыс өткізбекші болады. "N" қаласынан келген дэнс-топ дайындыққа кіріседі. Фильм барысында достар арасында түсінбеушілік пайда болады, олар сатқындыққа жолығады, қиындықтарға тап болады. 

Фильм прокатқа 2013 жылы 10 қаңтарда шықты. 

 

Дереккөз: meloman.kz

Пікірлер