• Біздің парақшалар:

Кәмшат Жолдыбаева "Өгей жүрек" сериалында басты рөл сомдайды

Видеосюжеттен алынған скриншот

«Хабар» арнасының тапсырысымен «Өгей жүрек» («Чужие дети») деген сериал түсірілуде. 

Жоба авторлары тастанды балалар мәселесіне көпшілік назарын аударуды мақсат етеді. Сюжетте өмірден көп қиындық көрген Бибігүл есімді кейіпкер туралы баяндалады. Бибігүл бауыр еті баласынан айырылып, мәңгілік деп есептеген махаббатынан қол үзеді. Тұйыққа тірелген ол енді ешқашан жүректегі сезімге ерік бермеуге бекінеді. Алайда өмірдің өз дегені болып, жаңа келген көршілері оның ең жақын адамдары болып шығады.

Сериалға Ернар Нұрғалиев режиссерлік етеді, негізгі рөлдерді Кәмшат ЖолдыбаеваАзат СейтметовДәстен Шәкіров, т.б. актерлер сомдайды.

Жоба 12 бөлімнен тұрады. Премьерасы алдағы телемаусымға жоспарланған.

Видеосюжет:

 

Дереккөз: "Хабар" арнасы

Пікірлер