• Біздің парақшалар:

Лэнс Армстронг туралы фильм түсіріледі

Paramount Pictures кинокомпаниясы әйгілі велошабандоз, "Тур де Франс" бәйгесінің 7 дүркін чемпионы Лэнс Армстронг туралы фильм түсірмек. Компания әлі жарық көріп үлгермеген "Жалғандық шеңбері: Лэнс Армстронгтың құлауы" ("Cycle Of Lies: The Fall Of Lance Armstrong") деген кітапты экранға шығару құқығын сатып алыпты.

Аталған шығарманың авторы NY Times газетінің тілшісі, осы спортшы туралы он шақты жылдан бері жазып келе жатқан - Жульен Макур

Ал киножобаға Джей Джей Абрамс жетекшілік етпек. Ол продюсер бола ма, әлде режиссерлік міндетті атқара ма - әзірге белгісіз.

Еске сала кетелік, талай халықаралық турнирлердің жеңімпазы Лэнс Армстронг 2012 жылы допинг қолданды деген айыппен 1998 жылдан бері алған барлық атақ-сыйлықтарынан айырылды.

 

Дереккөз: Deadline

Фотосурет: flickr.com; Сreative Сommons лицензиясы

Пікірлер