• Біздің парақшалар:

DC-дің "Ғажап әйел" мен "Әділет лигасының" алғашқы трейлерлері таныстырылды

Warner Bros. студиясы биылғы "Comic-Con 2016" кинофорумында DC әлемінің болашақ фильмдерін таныстырды. Соның ішінде, "Ғажап әйел" мен "Әділет лигасының" ("Justice League") бірінші бөлімінің алғашқы трейлерлерінің премьерасы өтті. Екі фильм де 2017 жылы жарық көреді.

Ғажап әйелді Галь Гадоттың орындауында биыл "Бэтмен Суперменге қарсы: Әділет таңы" фильмінен көрген болатынбыз. Амазония ханшайымы туралы бөлек фильм 2017 жылы 1 маусымда прокатқа шығуы тиіс.

Comic-Con-дағы трейлері:

Ал, "Әділет лигасы" Марвелдің "Кек алушылары" секілді DC әлемінің суперқаһармандарын біріктіретін фильм. Екіге бөліп көрсетілетін жобаның алғашқысы 2017 жылы қарашада көрсетіледі. Негізгі кейіпкерлерден Ғажап әйел (Галь Гадот), Супермен (Генри Кавилл), Бэтмен (Бен Аффлек), Аквамен (Джейсон Момоа), Флэш (Эзра Миллер), Киборг (Рэй Фишер) болады.

Comic-Con-дағы трейлері: 

Пікірлер