• Біздің парақшалар:

"Жолаушылар" фантастикалық фильмінің алғашқы трейлері шықты

Sony Pictures кинокомпаниясы "Жолаушылар" ("Passengers") фантастикалық картинасының алғашқы трейлерін жариялады.

Фильмдегі оқиға 5000 жолаушыны тиеген ғарыш кемесінде өрбиді. Кеме алыстағы планетаға бағыт алған, онда жаңағы адамдар өмір сүруі тиіс. Жолаушылар сапар аяқталғанша жасанды түрде ұйқыға жіберілген. Бірақ жүйеден ақау шығып, бір жігіт пен қыз ұйқыдан ерте оянып кетеді. Сапардың аяқталуына әлі 90 жыл бар еді. Екеуінің арасында біртіндеп сезім пайда болады. Алайда кеме апатқа ұшырайды, енді өзге жолаушылардың өмірі мен миссияның тағдыры екеуінің қолында.

Бастапқыда фильмде басты рөлдерді Киану Ривз пен Рэйчел МакАдамс сомдауы керек еді. Бірақ түсірілімге дайындық барысында пайда болған түрлі мәселелерден кейін олардың орнын Дженнифер Лоуренс пен Крис Прэтт алмастырды. Жобаға Мортен Тильдум режиссер болды. 

Фильм премьерасы 2016 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Ресми трейлер:


Пікірлер