• Біздің парақшалар:

Ақан Сатаевтың "Хакер" фильмі 1 желтоқсанда шығады

Ақан Сатаевтың "Хакер" ("Hacker") халықаралық жобасы Қазақстан кинотеатрларында 1 желтоқсаннан бастап көрсетіледі. Фильмнің еліміздегі дистрибьюторы Sulpak Cinema компаниясы орысша трейлерін жариялады.

Фильмде несие карталарын пайдаланып алаяқтық жасаған хакердің шынайы өмірі көрсетіледі. Сюжетке шын болған оқиға арқау болған.

Басты рөлдерде Каллэн МакОлиффЛоррэйн Николсон (Джек Николсонның қызы), Дэниэл Эрик ГолдКіші Клифтон Коллинз, т.б. актерлер ойнайды.

Түсірілім Канада, АҚШ, Қытай, Тайланд, Қазақстан елдерінде жүрді. Жоба өндірісіне Канадада тұратын қазақ фильммейкері Санжар Сұлтанов сценарийші және продюсер ретінде атсалысты. 

Трейлер:

Айта кетелік, Ақан Сатаев қазір келесі жобасының түсіріліміне кірісті. "Она" деп аталатын фильмде басты рөлде Айсұлу Әзімбаева ойнайды. Ал 3 қарашадан бері оның "Районы" картинасы кинода көрсетіліп жатыр.

Пікірлер