• Біздің парақшалар:

Қазақстанның IMAX форматындағы алғашқы фильмі 2017 жылы қаңтарда шығады

Трейлерден алынған скриншот

Қазақстанда алғаш рет IMAX форматында фильм түсірілді. "Еще один день…Чтобы выжить" ("Аман қалу үшін... тағы бір күн") деп аталатын картина прокатқа 2017 жылы 5 қаңтарда шығады.

Сюжетте Испаниядан келген фотограф Виктор достарымен бірге Алматының Шымбұлақ тау курортына аттанып, сноубордпен сырғанамақ болады. Табиғаттың сұлулығына еліткен шетелдік қонақ үнемі фотоға түсірумен болады. Сөйтіп жүріп, шаңғышымен қалай соқтығысып қалғанын да байқамай қалады. Виктор аңғарға құлап, аман қалады. Бірақ оның өмірі қыл үстінде тұр, өйткені кез-келген уақытта қар көшкіні жүруі мүмкін, не болмаса суық пен аштықтан, жарақатынан немесе бөрілердің шабуылынан өлуі мүмкін.

Фильмге еліміздің белгілі операторы Виталий Кистанов режиссер болды, сценарийін де өзі жазып, операторлық, продюсерлік міндетті өзі атқарды. Басты рөлдерде Виктор Бондарев, Қажымұқан Қалымбетов, Латина Сатарова, Александр Багрянцев, Фуркат Файзиев, Сухраб Мамтелов, Владимир Мищенко секілді актерлер ойнайды. 


Пікірлер