• Біздің парақшалар:

Пойыз жолсеріктері туралы "Сапарластар хикаясы" сериалы эфирге шығады

"Хабар" телеарнасы 22 қарашадан бастап "Сапарластар хикаясы" ("Унесенные рейсом") деген жаңа сериалдың көрсетілімін бастайды.

«Сапарластар хикаясы» жолсерік иелерінің күнделікті күйбең тіршілігін баяндайды. Теміржол қызметкерлерінің әрбір жұмыс күні қызықты оқиғалар мен қайталанбас ғажайып естеліктерге толы.

Телехикаяның басты кейіпкері Асан Молдабеков атасы секілді пойыздың басшысы болуды армандайды. Колледжді тәмамдаған соң, 4 жыл қатарынан жоғары оқу орнына түсе алмай қалады. Оған ақылы түрде оқуға түсуге кеңес береді.  Бірақ Асанның қаржылық жағдайы болмайды. Ақша тауып, еңбек ету үшін Асан пойызға жолсерік болып, қызметке тұрады. Алайда қырсық, қыңыр мінезді басшысы күн бермейді. Оның пікірінше, Асан мұндай мінсіз ұжымға лайық емес. 

Рөлдерде Шәріп СерікТөлепберген БайсақаловДинара Бақтыбаева, т.б. актерлер ойнайды.

ТВ анонс:

Пікірлер