• Біздің парақшалар:

Disney студиясының "Сұлу мен Құбыжық" мюзикл-фильмінің трейлері жарияланды

Disney студиясының "Сұлу мен Құбыжық" ("Beauty and the Beast") мюзикл-фильмінің трейлері жарияланып, көрілім саны бойынша рекорд орнатты.

Трейлердің премьерасы 14 қарашада болған еді. Ролик алғашқы 24 сағат ішінде түрлі платформаларда 127,6 миллион рет көрілген. Бұған дейінгі сәйкес рекорд "Елу реңге қаралау" эротикалық мелодрамасының трейлеріне тиіс еді. Оның бір тәуліктегі көрсеткіші 114 миллион көрілім болды.

Билл Кондон түсірген "Сұлу мен Құбыжық" - Walt Disney компаниясының 1991 жылғы аттас анимациялық картинасының көркем фильм нұсқасы. Басты рөлдерде Эмма Уотсон мен Дэн Стивенс ойнайды, одан бөлек Люк ЭвансЮэн МакГрегорСтэнли ТуччиЭмма ТомпсонИэн МакКелленКевин КлайнДжош Гад секілді есімдер бар.

Фильм 2017 жылы 16 наурызда шығады.

Ресми трейлер:


Пікірлер