• Біздің парақшалар:

Барак Обаманың студенттік шағы туралы фильм шығады

Netflix арнасы Барак Обаманың жастық шағы туралы фильм көрсетеді. "Барри" ("Barry") деп аталатын драманың премьерасы 2016 жылғы 16 желтоқсанға жоспарланған.

Сюжеттегі оқиға 1981 жылы болады. 20 жасар Барак Обама Нью-Йоркқа келіп, Колумбия университетіне оқуға түседі. Достарының арасында "Барри" атанып кеткен болашақ президенттің жас кезінде қандай мәселелермен бетпе-бет келуге мәжбүр болғаны, саяси көзқарасын қалыптастыруға не себеп болғаны көрсетіледі.

Жас Барак Обаманы Девон Террелл есімді актер ойнайды. Бұл оның кинодағы дебюті болмақ. 

"Барри" - Американың 44 президенті туралы бірінші фильм емес. 2016 жылдың басында "Саутсайд сенімен бірге" ("Southside with You") романтикалық кинокартинасы жарық көрген еді. Онда Барак Обама мен оның жары Мишель Робинсонның алғаш танысуы баяндалады.

Ресми трейлер:


Пікірлер