• Біздің парақшалар:

"Хабар" арнасы желтоқсанда "Көрімдік" және "Бәсеке 2" сериалдарын ұсынды

"Хабар" арнасы 5 желтоқсаннан бастап екі отандық сериалдың көрсетілімін бастады.  

КӨРІМДІК

Әзіл-қалжыңға, шытырман оқиғаларға толы "Көрімдік" жобасы дүйсенбі-жұма аралығында 11:00-де эфирге шығады.

Туындының әрбір бөлімі кішкентай комедиялық қойылым іспеттес. Әр көрсетілімі шағын әзілден құрылып, әртүрлі қызықты сюжеттермен өрбиді. Ал соңы күтпеген қызықты оқиғамен аяқталады.

"Көрімдіктің" негізі әзіл-қалжыңға құрылғанымен, тәрбиелік тағылымы мол. Денсаулық, білім, ғылым төңірегінде ой қозғап, ұрпақты елжандылыққа үндейді. Екіншіден, жас буынды тазалыққа, тәртіпке, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуге тәрбиелейді.

Сериалда басты рөлдерде Райхан Қалиолдина, Қадырғазы Қуандықов, Аятдин Сүлейменов, Алма Әлішева, Еділ Анарбай, Арайлым Нұрғожа, Жандос Самалбеков ойнайды.

Режиссері - Төребек Бейсебаев.

Әр серияның ұзақтығы – 20 минут


БӘСЕКЕ 2

Бұл 2015 жылғы "Бәсеке" сериалының жалғасы. 5 желтоқсанда шыққан екінші маусым басты кейіпкерлер Арман мен Мақсаттың хикаясын жалғастырады.

Бірінші маусымда бәсекелерін тең аяқтаған Арман мен Мақсат ауылдан дос болып кетеді. Бірлескен бизнес-жоспар әзірлеген пысық достар оны қалада іске асыруға бел буады. Алайда, қалаға келген соң, олар өздерінің банкрот болғандығын, байлықтары енді өздеріне тиесілі емес екендігін, оның үстіне алаяқтық айыбы тағылып жатқандығын біледі. Достар бәрін басынан бастайды, жақсы атын қайтаруға және жауларынан өш алуға тырысады. Оларға туған ауылда тапқан жаңа достары көмекке келеді.

Сериалда басты рөлдерді Олжас Абай мен Бахыт Тушаев ойнайды.

Режиссері – Әнуар Матжанов.

Сценарий авторы – Марат Оралғазин, Рүстем Омаров.

Әр серияның ұзақтығы – 25 минут.

Сериал дүйсенбі-бейсенбі күндері сағат 19.50 көрсетіледі.

Пікірлер