• Біздің парақшалар:

Киану Ривз бен Джим Керри постапокалипсис фильмге түсті

Фильм кадрлары

Киану Ривз бен Джим Керри бір фильмге түсті. "Нашар партия" ("The Bad Batch") деп аталатын фантастикалық мелодраманың оқиғасы постапокалипсис әлемде өрбиді.

Сюжетте Техастың бір даласын мекен еткен каннибалдар қауымы туралы баяндалады. Майамиден шыққан адам деген лақап аты бар араларындағы біреуі өзінің құрбанына ғашық болып қалады. 

Аталған екі кейіпкердің рөлінде Сьюки Уотерхаус пен Джейсон Момоа ойнайды, одан бөлек Джованни РибизиКиану РивзДжим Керри бар. Картинаны Америкада тұратын, тегі парсы Ана Лили Амирпур түсірді.

Бұл фильм алғаш рет 2016 жылы қыркүйекте Венеция кинофестивалінде таныстырылған. Ауқымды прокатқа биыл жазда шығады.

Ресми тизер:

Пікірлер