• Біздің парақшалар:

«Қазақстан» арнасы «Сүйе білсең...» деген отандық сериалды көрсетеді

2017 жылы 20 сәуірден бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында жаңа «Сүйе білсең...» деген отандық сериалының көрсетілімі басталады.

Телехикая болашағынан көп үміт күттіретін жас футболшы жайында. Дамир мықты футболшы болуды армандайды. Бірақ, дәл Еуропалық клубтың жаттығу жиыны алдында аяқ астынан жол апатына ұшырап, аяғын сындырып алады. Дәрігерлер енді  оған футболмен айналысуға болмайтынын кесіп айтады. Бұл қайғылы жағдайдың орын алғанына, ол өзінің бұрынғы жүріп жүрген қызы Динараны кінәлайды. 

Дамир өз өмірін футболсыз еш елестете алмайды, көңіл-күйі құлазып үлкен күйзеліске түседі. Ол күш-жігерін жинап, қанша жерден бұрынғы қалпына түскісі келгенімен, жарақаты сыр береді. 

Біраз уақыттан соң, ол спорт колледжіне жаттықтырушы болып орналасуға бел буады. Ол жерде достарымен қатар дұшпандары да пайда болады. Бірақ оның басты мақсаты футболдан мықты команда құру. Дамирдің тағдыры не болмақ? Ол ең мықты команда құра ала ма? 

Басты рөлдерде Жандос Айбасов, Қуаныш Керімқұлов, Гүлназ Жоланова, Кәмшат Жолдыбаева ойнайды. Режиссері - Ернар Нұрғалиев.

Сериал 20 сәуірден бастап, 21:45-те дүйсенбі-жұма аралығында көрсетіледі.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Сүйе білсең...» телехикаясын жіберіп алмаңыздар! Басты рөлдерді  сомдайды.

ТВ анонс:

Пікірлер