• Біздің парақшалар:

«Қазақстан» арнасы «Анашым, мені қалдырма...» әлеуметтік драмасын ұсынады

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 16 бөлімнен тұратын «Анашым, мені қалдырма...» әлеуметтік драмасын ұсынады.

Оқиға желісі қиын жағдайда жалғыз қалған әйелдердің тағдыры жайында баяндайды. Соңғы кезде  шарасыз күйге түскен қыз-келіншектерден қоғам да, тіпті жақындары да теріс айналып жататыны белгілі. Олар барарға жер таппай, түрлі жағдайларға ұшырап, ауыр азаптарымен оқшау қалады.  

Бұл әлеуметтік драма түрлі себептермен дүниеге некесіз сәби әкелген әйелдерге қатысты жағымсыз стереотиптерді бұзып, сәбилерді жетімдіктен құтқаруды, рухани және отбасылық құндылықтарды қайта жаңғыртуды мақсат етеді.  

Телехикаяда ата-ана мен баланың қарым-қатынасы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық, тәлім-тәрбиенің әсері, адамгершілік пен жауапкершілік сынды өткір әлеуметтік мәселелер қозғалады.  Оқиғалар мен кейіпкерлердің образдары шынайы өмірден алынған.  

Туындыны 22 сәуірден бастап әр сенбі мен жексенбі күндері 15:10-да көре аласыздар.

ТВ анонс:

 

Дереккөз: "Қазақстан" телеарнасы

Пікірлер