• Біздің парақшалар:

Қазақстан кинотеатрларында "АЛЖИР" фильмі көрсетіледі

7 мамырдан бастап Қазақстан кинотеатрларында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тапсырысымен түсірілген «АЛЖИР» көркем фильмінің премьералық көрсетілімі басталады.   

Туындыда «халық жауы» атанған ел жайсаңдарының жұбайлары мен балаларының «АЛЖИР» лагерінде ажалмен арпалысып өткен өмірі, тауқыметті тағдыры баяндалады.  

Фильмнің басында Света есімді бойжеткен Ресейден Қазақстанның бас қаласы Астанаға әжесінің соңғы аманатын арқалап келеді. Оның мақсаты - қылышынан қан тамған сұрапыл «қызыл террор» жылдары анасы мен әжесін аштық пен ажалдан, басқа да қиындықтардан қорықпай аман алып қалған, «АЛЖИР» лагерінде қатардағы жауынгерлік қызметін атқарған Әлихан есімді қазақ жігітін табу еді.  

Ол бүгінгі күні жасы тоқсаннан асқан ауыл ақсақалы. Света мен қарт Әлихан бүкіл фильм бойы азапта өткен сонау сұрапыл жылдарды еске алып, қайта бастан кешеді. Батылдық, адамгершілік, мейірімділік секілді ұлы қасиеттер телехикаяның негізгі мотиві.  

Рөлдерде: Қобыланды Болат, Марат Абай-Ділдә, Оңдасын Бесікбасов, Алтынай Нөгербек, Данияр Өтебаев, Асылболат Смағұлов, Иван Анопченко, Анна Старченко, Елена Гладышева, Андрей Марычев және т.б.    

Қоюшы-режиссері - Әнуар Райбаев, продюсері - Рашит Аманжолов.  

Премьералық көрсетілімдер өтетін еліміздің 5 қаласындағы «Kinopark» желілері:  

Ақтөбе - Kinopark 7 «Keryencity»

Шымкент –  Kinopark 5, «Mega»

Қарағанды – «City Mall». Kinoplexx

Алматы – «Спутник», «Сарыарқа», «Esentai Mall»

Астана – «Керуен», «Мега сити», «Сарыарқа»

 

Дереккөз: "Қазақстан" РТРК

Пікірлер