• Біздің парақшалар:

Том Харди Веном рөліне бекітілді

Sony Pictures студиясы Веном туралы дербес фильмнің өндірісін іске қосты. Басты рөлде (Эдди Брок) британ актері Том Харди ойнайтын болыпты.

Бұл туралы киностудияның Twitter парақшасында жарияланды:

Фильмге Рубен Флейшер режиссер болады. Ол көпшілікке "Zомбилэнд" ("Zombieland"), "Гангстерлік жасақ" картиналарымен белгілі. "Веномның" премьерасы 2018 жылы 5 қазанға жоспарланған.

Том Хардидің кинокомикс жанрында тәжірибесі бар. Кристофер Нолан түсірген DC-дің "Қара батырдың оралуы" ("The Dark Knight Rises") фильмінде басты антагонист Бэйнді ойнады.

Ал, Өрмекші-адамның қарсыласы ретінде сипатталатын Веном туралы жоба бұрыннан айтылып жүр. Бұл кейіпкер бұрын кинода Сэм Рэймидің "Өрмекші адам 3" ("Spider-Man 3") картинасында Тофер Грейстің орындауында көрініс тапты.

Пікірлер