• Біздің парақшалар:

70-ші Канн кинофестивалінің жеңімпаздары белгілі болды

70-ші Канн кинофестивалінің жұмысы қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды. Бас жүлде - "Алтын пальма бұтағы" швед режиссері Рубен Эстлундтың "Шаршы" ("The Square") фильміне берілді.

Фестивальдің 70 жылдығына арналған арнайы сыйлық Николь Кидманға табыс етілді.  

Өзге марапаттар:

Гран-при - "Минутына 120 соққы" ("120 battements par minute"), реж. Робен Кампийо

Үздік режиссер - София Коппола, "Алданушы" ("The Beguiled")

Үздік актер - Хоакин Феникс, "Сен бұл жерде ешқашан болған жоқсың" ("You Were Never Really Here")

Үздік актриса - Дайан Крюгер, "Ғайыптан" ("Aus dem Nichts")

Әділқазылар сыйлығы - Андрей Звягинцев, "Нелюбовь" 

Үздік сценарий - Йоргос Лантимос, "Киелі бұғыны өлтіру" ("The Killing of a Sacred Deer") және Линн Рэмси "Сен бұл жерде ешқашан болған жоқсың" ("You Were Never Really Here")

Үздік қысқаметрлі фильм - "Нәзік түн" ("A Gentle Night"), реж. Qiu Yang

Әділқазылардың ерекше атап өтуі (қысқаметр) - "Шатыр" ("Katto"), реж. Теппо Айраксинен

 

Мерейтойлы кинофестиваль 17-28 мамыр аралығында өтті. Биыл әділқазылар алқасын испан режиссері Педро Альмодовар басқарды.

Пікірлер