• Біздің парақшалар:

Джеки Чан "Жат елдік" деген триллерде

Джеки Чанның және Пирс Броснаның қатысуымен түсірілген "Жат елдік" ("The Foreigner") боевигінің алғашқы трейлері шықты. Бұл қытай актерінің карьерасында сирек кездесетін - комедиясыз, салмақты фильм.

Сюжеті Вьетнам соғысының ардагері Нгуен Нго Мин төңірегінде өрбиді. Соғыстан кейін түрмеге отырып шыққан ол, отбасымен бірге Гонконгке қашады. Алайда тай қарақшылары оның үлкен екі қызын зорлап, өтіріп кетеді. Осыдан кейін Мин Лондонға қоныс аударады. Осы жерде қытай мейрамханасын ашады, өсіп келе жатқан кішкентай қызының тәрбиесімен айналысады. Бақытсыз күндер артта қалды деп ойлаған еді. Бірақ қызы мен әйелі теракт кезінде қаза табады. Биліктен көмек болмасын түсінген Мин, қылмыскерлерді өз бетімен іздеп, кек алуға шығады.

Фильмді Мартин Кэмпбелл түсірді. Ол "Зорро маскасы" ("The Mask of Zorro"), "Вертикал шегі" ("Vertical Limit"), "Казино Рояль" секілді режиссерлік жұмыстарымен белгілі.

Премьерасы биыл күзге жоспарланған.

Ресми трейлер:

Пікірлер