• Біздің парақшалар:

Жаңа трейлерлер: Джуманджи, Өлім дәптері

Джуманджи: Джунглиге қош келдіңіз / Jumanji: Welcome to the Jungle

Бұл фильм 1995 жылғы "Джуманджи" ("Jumanji") қызық оқиғалы фентезиінің ремейкі. Бұрынғысында басты рөлде Робин Уильямс ойнаса, осы жолы - Дуэйн Джонсон

Картинада төрт жасөспірім 1990 жылдардағы ескі ойын приставкасын тауып алады. Соның көмегімен қызық мен қатерге толы Джуманджи әлеміне өтіп кетеді. Сөйтіп ойын барысында өздері таңдаған кейіпкерлерге айналады.

Премьерасы: 28 желтоқсан, 2017

Ресми трейлер:

 

Өлім дәптері / Death Note

Аттас жапон мангасына және фильмдер сериясына негізделген үрейлі триллер. Фильмде негізгі рөлдердің бірін Уиллем Дефо орындайды, режиссері - Адам Вингард.

Сюжет бойынша Лайт есімді студент жұмбаққа толы дәптер тауып алады. Оның бетіне кімнің есімін жазсаң, сол адам өледі. Лайт көшедегі қылмыскерлерден құтылу үшін дәптерді қолданбақ болады. Алайда оның соңынан Федералдық тергеу бюросы өкілі түседі.

Хоррор Netflix сервисіне 25 тамызда шығады.

Ресми трейлер:

Пікірлер