• Біздің парақшалар:

Өрмекші-адам туралы соңғы фильм қазақ тіліне дубляждалды

Өрмекші-адам туралы соңғы фильм қазақ тіліне дубляждалды. Қазақша атауы - "Өрмекші-адам: Қайта оралу".

Еске сала кетелік, бұл қазақша сөйлеген алғашқы Өрмекші-адам емес. Осыған дейін Эндрю Гарфилд орындауындағы Питер Паркер туралы екі картина дубляждалған еді: "Жаңа Өрмекші-адам" (2012) және "Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат" (2014). Ал жалпы алғанда "Қайта оралу" - қазақшаға аударылған 21-ші Голливуд туындысы.

2015 жылы Marvel және Sony Pictures кинокомпаниялары Өрмекші-адам/Питер Паркер кейіпкерін бірлесіп пайдалану туралы келісімге келген еді. Осының арқасында аталған суперқаһарман Кек алушылар туралы фильмдер сериясына енгізілді. Ол Том Холланд орындауында алғаш рет "Капитан Америка: Азамат соғысы" фильмінде пайда болды.

Ал Өрмекші туралы дербес картина 6 шілдеден бастап прокатқа шығады.

Қазақша дубляждалған трейлер:

Пікірлер