• Біздің парақшалар:

«Алмас қылыш» фильмінің DVD дискісі шықты

Алматыда Рүстем Әбдіраштың «Алмас қылыш» фильмінің DVD дискісінің тұсаукесері өтті. Таныстыру шарасы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында орналасқан «Қазақ хандығы» көп сериалы тарихи туындысының түсірілімдері үшін арнайы тұрғызылған «Сығанақ қаласы» декорациясында өтті. Диск - қазақ және орыс тілдерінде, сонымен қатар ағылшын тілінде субтитры бар.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай түсірілген «Қазақ хандығы» киносериалының  кинонұсқасы – «Алмас қылыш» фильмі биыл 5 қаңтарда прокатқа шығып еді. Тарихи картина қазақстандық прокатта 72 млн. астам қаржы жинап, көшбасшылар қатарынан көрінді. Жалпы алғанда 2,5 мыңнан астам сеанс, оның 60% қазақ тілінде, ал 40% орыс тілінде көрсетілді. Ал он сериалы «Қазақ хандығы» тарихи кинотуынды наурыз айында «31 арнадан» көрсетілген болатын. 

«Алмас қылыш» тарихи кинотуындысының DVD нұсқасын «Меломан» дүкендер желісі арқылы сатып алуға болады. Бір дискінің бағасы – 1295 тг. Тиражы шектеулі.  

Режиссер Рүстем Әбдіраш

Одан бөлек, режиссер Рүстем Әбдіраш «Қазақ хандығы» сериалының екінші маусымының түсірілім жұмыстары биыл қыркүйекте басталатынын айтты. Жалғасы «Қазақ хандығы. Алтын тақ» деп аталып, ондағы оқиға Жәнібек ханның қайтыс болуына дейінгі аралықты қамтиды.

Пікірлер