• Біздің парақшалар:

Ninety One туралы фильмнің трейлері шықты

Қазақстандық Ninety One музыкалық тобы туралы фильмнің алғашқы ресми трейлері шықты.

Көркем картина топтың құрылу тарихына тоқталады, қандай қиындықтар мен кедергілерге ұрынғанын баяндайды. Басты рөлдерді топ мүшелері мен продюсер - өздері орындап шықты: 'ALEM' Батырхан Мәліков, 'ZaQ' Дулат Мұхамметқалиев, 'A.Z.' Азамат Зенкаев, 'BALA' Данияр Құлымшин, 'ACE' Азамат Ашмақын және Ерболат Беделхан.

Жобаға Асқар Ұзабаев режиссерлік етті, продюсерлер: Асқар Ұзабаев, Әсел Садуақасова және Ерболат Беделхан.

"Ninety One" фильмі Қазақстан прокатына биыл 24 тамызда шығады.

Ресми трейлер:

Пікірлер