• Біздің парақшалар:

Квентин Тарантино кісі өлтіруші Чарльз Мэнсон туралы фильм түсіреді

Чарльз Мэнсон / фото: mansondirect.com

Квентин Тарантино Америкада белгілі кісі өлтіруші Чарльз Мэнсон туралы фильм түсіреді.

Кинематографшы жобаның сценарийін дайындап қойыпты. Енді актерлерге таңдау жасалады. Ол фильмге актерлердің "жұлдызды құрамын" жасақтайды. Ресми расталмаған ақпарат көздері Марго РоббиСэмюэл Л. ДжексонБрэд ПиттДженнифер Лоуренс секілді есімдер жобаға тартылуы мүмкін деп хабарлайды.

Жобаға продюсер ретінде Тарантиноның бұрыннан келе жатқан серіктестері Харви және Боб Вайнштейн атсалысады. Фильмнің іске асу мерзімдері әзірге айтылмайды.

Чарльз Мэнсон "Отбасы" деп аталатын коммунаны басқарған адам ретінде белгілі. Оның бастамасымен бірқатар кісі өлтіру жағдайлары болды. Солардың ішінде көп айтылатыны - 1969 жылы тамызда болған оқиға. Коммуна мүшелері бір үйге баса-көктеп кіріп, 5 адамды өлтіреді. Олардың арасында белгілі стилист Джей Сэбринг және Роман Поланскидің әйелі, актриса Шэрон Тейт болды. Актриса жүктіліктің тоғызыншы айында еді.

Осыдан кейін бүкіл банда мүшелері тұтқындалды. Чарльз Мэнсон өмір бойы бас бостандығынан айырылды.

 

Дереккөздер: The WrapVarietyЛента.Ру

Пікірлер