• Біздің парақшалар:

"Хабар" телеарнасының күзде шығатын 3 сериалы

"Хабар" Агенттігінің тапсырысы бойынша қазір 3 сериал түсіріліп жатыр. "Тергеушілер"- Қазақстан тарихында алғаш рет қазақ тіліндегі детектив сериал, ана мен баланың денсаулығына арналған "Абзал жан" медициналық сериалы және әке мен ұл арасындағы қарым-қатынасты суреттейтін "Қария" драмасы.

"Қария" атты телехикаяда әке мен бала арасындағы қарым-қатынас арқылы бүгінгі қоғамдағы келеңсіз жәйт бейнеленеді. Фильмнің кейіпкері Ербол егде тартқан әкесінен бас тартады. Сол себепті картинаның бірнеше көрінісі қарттар үйінде түсірілген.

Теледрамада Бауыржан ҚаптағайЕрболат ТоғызақовГүлнар Байбосынова және Алмас Шаяхметов сынды актерлер ойнайды. Кейбір эпизодтық рольдер мен көпшілік көріністерге қарттар үйінің тұрғындары тартылған.

Фильм идеясының авторы және режиссері – Асқат Мұсабай. Бұл жас режиссердің дебюттік жұмысы болды. Туынды 12 сериядан тұрады.

"Қария" телехикаясы "Хабар" арнасынан күзде көрсетіледі.

Ал "Абзал жан" телехикаясы адам жанының арашасы – дәрігерлердің өмірін суреттейді. Сәби күтіп жүрген әйелдердің денсаулығындағы қиындықтар, дәрігерлердің ана мен бала өмірін сақтап қалудағы жанкешті әрекеті баяндалатын телехикаяны көрерменге таныс "Женский доктор" фильмінің қазақша нұсқасы десе болады. Шығармашылық топ украиналық әріптестерінен фильмді қазақстандық аудиторияға таратуға арнайы құқық алған.

Продюсер Николай Пактың айтуынша медицинаның ұңғыл-шұңғылын көрсететін мұндай фильм Қазақстанда әлі түсірілген жоқ. Телехикаядағы басты рөл жас актер Қажымұқан Қалымбеттің еншісіне тиіпті. Сценарий желісі бойынша тағдырдың жазуымен баласынан айырылған әке өзінің білімі мен күш-жігерін ана мен баланың өмірін сақтауға арнайды

Сериалдың бірінші маусымы 32 бөлімнен тұрады, алғашқы бөлімі қыркүйек айында көрерменге жол тартпақ.

Ал "Тергеушілер" ("Следователи") телехикаясын "Adam Media Group" компаниясы түсіріп жатыр. Телефильм неміс көрермендерінің арасында 10 жылдан бері танымалдығын жоймаған неміс франшизасының негізінде түсірілуде. Қазақстандық жобаға халықаралық команда жұмылдырылған.

Сериал денсаулығы мен өмірін қатерге тігетін, қарапайым азаматтарды қорғау үшін ерлікке барып жүрген полицейлердің күнделікті жұмысын баяндайды. Кәмшат есімді басты рөлде қазақстандық белгілі актриса Гүлшарат Жұбаева ойнады. Кәмшаттың қарамағында төрт әмбебап сарбаз бар, олардың әрқайсысы ерекше қабілетке ие: адал, табанды және әділ ІІД тергеушісі Ермек Байназар (актер Азамат Шарғынов), көңілді және тартымды жедел қызметкер Нұрлан Ақберен (актер Ербол Садырбаев), мансапқор және бикештердің сүйіктісі Асқар Еділбай (актер Ниязбек Шәйсұлтанов), маман-криминалист – Гауһар Елжанқызы (актриса Гүлбахрам Байбосынова).

"Тергеушілер" биыл күзде жарық көруі тиіс.

Пікірлер