• Біздің парақшалар:

"Ара" хоррор-франшизасының сегізінші бөлімінің трейлері жарияланды

"Ара" ("Saw") хоррор-франшизасының сегізінші бөлімінің трейлері жарияланды.

Жаңа фильм "Jigsaw" деп аталады. Бұл сөз қазақ тілінде бірнеше мағына береді: "Ою ара","Нәзік ара", "Басқатырғы".

Фильмді ағайынды Майкл және Питер Спиригтер түсірді. 

Сюжет бойынша қалада қатыгездікпен өлтірілген бірнеше мәйіт табылады. Барлық дәйектерден Джон Крамердің қолтаңбасы байқалады. Ара деген лақап есіммен белгілі бұл кісі баяғыда қайтыс болып кеткен еді.

"Ара" фильмдер сериясы өз жанрындағы ең коммерциялық табысты франшиза ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Бұл франшизаның осыған дейінгі бөлімі 2010 жылы шықты. Ал сегізінші фильмнің әлемдік премьерасы биыл 27 қазанға белгіленген.

Ресми трейлер:

Пікірлер