• Біздің парақшалар:

Журналист Төлеген Байтөкенов "Шала қазақ" вестерн-драма түсіреді

Режиссер Төлеген Байтөкенов

Журналист, киносыншы Төлеген Байтөкенов "Шала қазақ" (шартты атауы) деген толықметражды көркем фильмнің түсірілімін бастайды. Өндірісімен Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен айналысады.

Айта кетсек, "Шала қазақ" фильмі режиссердің жеке өзі түсіргелі жатқан алғашқы жұмысы. 2011 жылы ол "Қазақфильм" киностудиясында жарыққа шыққан "Супер Баха" атты комедияның сценарийін жазуға атсалысып, фильмнің тең режиссері болды. Кейін Төлеген Байтөкенов киностудияның "Дебют" шығармашылық-өндірістік бірлестігінде "Тұшпара және Рахманинов" атты қысқаметражды фильм түсірген. Бұл фильмнің сценарийін де автордың өзі жазған. 

Вестерн-драма деп жарияланған киножобада Ақылхан Асылов, Дина ТасболатоваШыңғыс Капин, т.б. актерлер ойнайды. Түсіру жұмыстары биыл 10 тамызда Алматы облысында басталады. 

Сюжеті бойынша өркениеттен тыс қалған ауылдың бірінде учаскелік полицей ауылды басып алған қылмыскерлермен күреске түседі. Ұрланған құнды заттарға толы жүк көлігі осы ауылда сынып қалғандықтан, қылмыскерлер жүк қоймасын іздеп, осы ауылда тоқтауға мәжбүр болады. Олар екі күннің ішінде жерге көмілген бағалы жүктерін қазып алып, ешкімге зиян келтірмей ауылдан қашып кетуді көздейді. Алайда, қылмыскерлердің бұл жоспарлары іске аспай қалып, ауыл тұрғындарына күш жұмсайды... Тек ауылдың учаскелік полицейі қылмыскерлерге төтеп беріп, өзінің борышын соңына дейін өтейді.

 

Дереккөз: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі

Пікірлер