• Біздің парақшалар:

"Жұлдызды соғыстардың" IX эпизодын тағы да Джей Джей Абрамс түсіреді

Джей Джей Абрамс / фото: Christopher Jue/Getty Images AsiaPac

"Жұлдызды соғыстар: IX эпизод" ("Star Wars: Episode IX") фильміне жаңа режиссер тағайындалды және премьерасы өзгерді.

Сонымен тоғызыншы бөлімге Джей Джей Абрамс режиссер болады. Бұл оның осы франшизадағы алғашқы жұмысы емес. Ол осыған дейін "Жұлдызды соғыстар: Күштің оянуы" деп аталған жетінші эпизодты түсірген еді. Абрамс сондай-ақ сценарий жұмысына да атсалысады.

Джей Джей Абрамсқа дейін тоғызыншы эпизодқа режиссер болып тағайындалған Колин Треворроу өз міндетінен бас тартқан еді. Бұған себеп ретінде Lucasfilm басшылығымен шығармашылық тұрғыдағы қарама-қайшылықтар айтылды.

Сонымен қатар тоғызыншы "Жұлдызды соғыстардың" премьера күніне де түзету енгізілді. Жаңа дата 2019 жылғы 20 желтоқсанға ауыстырылыпты. Бұрын 2019 жылдың 24 мамырында жарық көреді деп айтылып келген еді.

Пікірлер