• Біздің парақшалар:

Forbes: 2017 жылдың ең ақысы жоғары телеактрисалары

София Вергара / Pascal Le Segretain/Getty Images North America

Forbes басылымы телевидение саласындағы көп ақы алатын актрисалардың үздік ондығын жариялады.

Бірінші орында - осымен алты жыл қатарынан позициясын жоғалтпаған София Вергара, биыл ол 41,5 миллион доллар тапқан. Актриса 2009 жылдан бері "Заманауи отбасы" ("Modern Family") ситкомында ойнайды.

Екінші орында - "Үлкен жарылыс теориясы" сериалындағы Кейли Куоко. Оның бір жылдық табысы 26 миллион доллар болған. Үшінші орынды 13 миллион доллармен Минди Кейлинг ("Офис") мен Эллен Помпео ("Грей анатомиясы") бөлісіп тұр.

Үздік ондыққа кіретін басқа актрисалар:

5. Маришка Харгитей - 12,5 млн

6. Джули Боуэн - 12 млн

7. Керри Вашингтон - 11 млн

8. Приянка Чопра - 10 млн

9. Робин Райт - 9 млн

10. Поли Перретт

Рейтингті жасау барысында телеактрисалардың 2016 жылғы 1 маусым мен 2017 жылғы 1 маусым аралығындағы еңбекақысы есепке алынды.

 

Дереккөз: Forbes

Пікірлер