• Біздің парақшалар:

«Qazaqstan» арнасында «Иірім. Ана қадірі» сериалы шығады

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы «Иірім. Ана қадірі» деген жаңа теледрамасын ұсынады.

Сериал желісі бүгінгі қоғамдық, әлеуметтік өмірдің өзекті мәселелері күн тәртібіне шығады. Драмалық тартысқа құрылған картиналар арқылы бүгінгі заман адамының жан-дүниесін, ой-өрісін, арман қалауын ашып көрсету, адамдар қарым-қатынасындағы жағымсыз мінездерді сабақ ету арқылы көрерменге ой салу – негізгі мақсат. 

Жоба режиссері - Төлеген Бейсет, рөлдерде Тынышкүл Сұлтанбердиева, Ералы Сейітхан, Нышанбек ЖұбанаевҮсіпхан Сейтімбет ойнайды.

«Иірім. Ана қадірі» мелодрамасының 1, 2 бөлімдері 30 қыркүйекте 15:50-де, 1 қазан 16:15-те көрсетіледі.

ТВ анонс:

Пікірлер