• Біздің парақшалар:

Натали Портман "Аннигиляция" фильмінде аномалия аймақтың құпиясын іздейді

Натали Портман табиғат пен физика заңдары жұмыс істемейтін аймақ туралы ғылыми-фантастикалық боевикке түсті. Paramount Pictures кинокомпаниясы ұсынған фильм "Аннигиляция" ("Annihilation") деп аталады.

Фильмде үкімет жасырын ұстап отырған Икс зонасы туралы айтылады. Аномалия құбылыстарға толы аймаққа кезекті рет экспедиция жіберіледі. Психолог, биолог, топограф және антропологтан құралған әйелдер командасы беймәлім аймақтың құпиясын ашуы тиіс.

Фильмде басты рөлдерде Натали ПортманДженнифер Джейсон ЛиТесса ТомпсонДжина Родригез және Оскар Айзек ойнайды.

Фильм режиссері - Алекс Гарленд. Ол әсіресе жазушы және сценарийші ретінде белгілі. Оның қолынан "Жағажай" ("The Beach") романы шықты. Кейін Дэнни Бойл сол кітаптың негізінде Леонардо ДиКаприо мен Тильда Суинтонның қатысуымен аттас драмалы триллер түсірді. Гарленд, сондай-ақ, "28 күннен соң..." ("28 Days Later..."), "Аптап" ("Sunshine"), "Дредд" ("Dredd") секілді фильмдерге сценарий жазды және "Экс машина" ("Ex machina") фильмін түсірді.

"Аннигиляция" кинокартинасының әлемдік премьерасы 2018 жылғы 22 ақпанға жоспарланған. Біздің прокатқа наурызда келуі тиіс.

Ресми тизер-трейлер:

Пікірлер